2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік студенттерге құрмет көрсету

Университетте дәстүр бойынша өткен жылды қорытындылап, ерекше көзге түскен студенттерді марапаттады. Жыл оңай болған жоқ, бірақ біз бірге барлық қиындықтарды еңсердік. Қашықтықтан білім беру технологиялары университеттің оқу процесіне сәтті интеграцияланды. Студенттер тек онлайн оқып, емтихан тапсырып қана қоймай, түрлі іс-шараларға да қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз алған Басқарма Төрағасының – ректордың м.а. Ербол Исақаев екінші семестрден бастап ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес бірінші курс студенттері офлайн оқуын жалғастыра алатынын атап өтті. Бірақ шектеулерді сақтау керек: қашықтық, аудиторияның толтырылуы, бетперде режимі. Кейбір пәндер қашықтан өту форматында қалады (дәрістер мен өзіндік жұмыстар), ал практикалық және зертханалық сабақтар дәстүрлі түрде өткізіледі. 2-4 курс білім алушылары үшін әзірге бәрі өзгеріссіз қалады. Барлық сын-қатерлерге қарамастан, бір жыл ішінде бізде өте жақсы жетістіктер бар: студенттер саны өсті, білім беру гранттарының саны ұлғайды, жаңа корпус пен жатақханалардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

7 номинация бойынша көзге түскен студенттерге құрмет көрсетілді, әрқайсысында 7 адамнан. Оқудағы жетістіктері үшін республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, үздіктерді, атаулы гранттар иегерлерін атап өтті. Ғылыми жетістіктері үшін марапат республикалық және халықаралық СҒЗЖ байқауларында, олимпиадаларда, ғылыми конференцияларда өзін танытқан жас зерттеушілерге берілді. Сондай – ақ ЖОО спортшыларының-әртүрлі жарыстардың, Универсиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің, полиатлон, кекушинкай каратэ, грэплинг, футбол және басқа да түрлердегі Спорт шеберлерінің еңбегін жоғары бағалады. "Өнерлі жастар" номинациясында талантты студенттер, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары– ақындар, әншілер, музыканттар, КВН ойыншылары, оқырмандар марапатталды.

Волонтер жылы аяқталуда, сондықтан еріктілікпен айналысатын студенттерге ерекше назар аударылды. Біздің ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару белсенді дамыған және білім алушылар қызметінің бұл саласы қорытынды рәсімде де көрініс тапты. ЖОО-ның қоғамдық белсенділері, кәсіптік бағдар беру үгіт-насихаттарын, тренингтер, ЖІК студенттік іс-шараларын, кәсіподақты, студенттік директоратты өткізуге ат салысатындар да марапатталды.

30.12.2020