Университетте "Ғылыми қызметке қашықтықтан көзқарас" атты бейнероликтер байқауы өтті

Қозыбаев университетінде  білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға ынталандыру мақсатында Жас ғалымдар кеңесі 1-4 курс студенттері арасында "Ғылыми қызметке қашықтықтан көзқарас" атты бейнероликтер байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты пандемия жағдайында өзінің ғылыми-зерттеу қызметін сипаттайтын бейнеролик түсіру және құрастыру болды.

Сайысқа ПФ, ТЭҚФ, МЖҒФ студенттері қатысты. Әр жұмыс студенттердің білім беру бағдарламасының ерекшелігін көрсетті. Байқауға берілген бейнероликтер сегіз критерий бойынша бағалады. Олардың ішінде: байқау мақсатының сәйкестігі, баяндалған материалдың мазмұны мен тұтастығы, мәселенің негіздемесі, өз бетінше ойлау көрінісі, тақырыпты ашудағы шығармашылық көзқарас, жұмысты ресімдеу сапасы, ғылыми компонент, өзектілігі.

Сонымен қоса жас ғалымдар сайысында 45 000,30 000,15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы ойнатылды.

Бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша үздік үш жұмыс анықталды.

Сайыста 1 орынды Ж-18 (ТЭҚФ)тобының студенті Вячеслав Чинишлов иеленді. 

2 орын ХТОВ-19 (МЖҒФ) тобының студенті Дарья Козикқа берілді. 

3 орынды ГИ-19 (МЖҒФ) тобының студенті Тимур Барменбаев жеңіп алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

28.12.2020