Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге байқау өткізу туралы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге арналған конкурс «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және М. Қозыбаев атындағы СҚУ-ның Академиялық саясатына сәйкес 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша өткізіледі.

  • Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары конкурстық негізде ақылы негізде білім алушыларға білім беру бағдарламаларының топтары, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде оқуға түскен жылы ескеріле отырып беріледі.
  • Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді.
  • Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде босаған бос орындарға конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  • Конкурс Білім беру грантын беру туралы куәлікті бере отырып, барлық оқу кезеңі ішінде үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
  • GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы») бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Келіп түскен өтініштер конкурстық комиссияның, Ғылыми кеңестің және директорлар кеңесінің отырысында қаралады.

ЖОО ғылыми кеңестің және директорлар кеңесінің шешімі негізінде бос білім беру гранттарына ауысу үшін үміткерлердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне шешім қабылдау үшін жібереді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі келіп түскен құжаттарды қарайды және оң шешім қабылданған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бос білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен тиісті құжаттар университеттің басты беті, СТжҚКО бөлімі арқылы жіберіледі.

Өтініш конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 01-09 қаңтар аралығында сағат 18.00-ге дейін. 

            СТжҚКО-на қажетті құжаттар тізімі:

1. М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы – ректорының атына жазылған өтініші ақылы негізде білім алушының бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысады.

2. Білім алушының транскрипті.

3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (фото).

Бос гранттар тізімі, 2020-2021 оқу жылының қысы (14.01.2021 ж. бойынша)

25.12.2020