"Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының студенті Сысоева Юлия облыстың үздік студенттерінің қатарында!

 

  

 

      Дарынды және талантты студенттерді анықтау және көтермелеу мақсатында Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы Солтүстік- Қазақстан облысының жастар бастамалары бөлімімен бірлесіп Петропавл қаласы колледждері мен Университетінің студенттері арасында "Үздік студент - 2020" конкурсын ұйымдастырып өткізді. Байқау қорытындысы бойынша құрметті 3 орынды "Орыс тілі және әдебиеті" кафедрасының 2 курс студенті Сысоева Юлия иеленді.

   6 жыл бойы Юлия еріктілікпен айналысады. 2019 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерліктің әлеуметтік бағытының басшысы болып табылады. Солтүстік- Қазақстан облысының өміріне белсенді қатысады. Волонтерлік қызмет кезінде Юлия облысымыздың қайырымдылық қорларының көптеген іс-шараларын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесті. Мектепте де Юлия мектеп еріктілер клубында болды және қарт адамдарға көмек көрсетті. Бүгінде студент университетіміздің қоғамдық өміріне белсене қатысады.
       Юлияны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оқуда және қоғамдық жұмыста табыс тілейміз!
    Айта кетейік, "Үздік студент - 2020" байқауында 2 орынды М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті .  Бидалина Махаббат иеленді. Ал жеңімпаз- Ерген Еламан (Солтүстік Қазақстан облысының кәсіби-педагогикалық колледж).

02.12.2020