Қозыбаев оқулары-2020

Біздің университет үшін дәстүрлі жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференция «Қозыбаев оқулары-2020: қазіргі қазақстандық ғылымның дамуының, жетістіктері мен инновацияларының басым бағыттары» бірнеше рет шетелдік әріптестеріміздің белсенді қолдауымен халықаралық деңгейге шықты.

«Тұрақты даму, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» секциясының жұмысы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулердің нәтижелерін ҚР және РФ әртүрлі жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғалымдары, магистранттары мен студенттері ұсынды: К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің Калуга филиалы, Калуга, РФ; Н. И. Вавилов атындағы  Саратов  МАУ, Саратов, РФ; Солтүстік Орал МАУ, Түмен, РФ; К. Е. Циолковский  атындағы Калуга мемлекеттік университеті, Калуга, РФ; Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты, Обнинск, РФ; Омбы аграрлық ғылыми орталығы, Омбы, РФ; Жоғарғы Волга федералды аграрлық ғылыми орталығы», Суздаль, РФ; С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-сұлтан, ҚР; «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ, Петропавл, ҚР.

Мақалалар мен баяндамаларда агрономия, мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, орман шаруашылығы, биотехнология саласындағы жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Осындай конференциялар Қазақстанның түрлі өңірлері мен іргелес  елдердің жас және тәжірибелі ғалымдары арасында пікір алмасуға ықпал етеді, ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты қолдайды.

Конференцияны өткізу маңызды оқиға болып табылады және одан әрі жемісті бірлескен жұмыс жүргізу үшін ынталандырады.

21.11.2020