Университеттің стратегиялық жоспарын жұмыс берушілермен талқылау

Kozybayev University корпоративтік қызметіндегі маңыздылардың қатарына ашықтық және айқындық қағидалары жатады. Оларға сәйкес біздің университет тұрақты түрде өзінің қызметі, қаржылық жағдайы туралы ақпаратты, сондай-ақ ЖОО-ның 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын ашық түрде ұсынады.

Оны осы аптада жұмыс берушілер өкілдерімен кездесуде талқылады. Диалог аталған стратегиялық құжатты қалыптастыру кезеңдерін, университеттің ағымдағы жағдайын талдауды, алдағы жылдарға арналған бағыттар мен міндеттерді қозғады. Стейкхолдерлер ЖОО алдына жоғары мақсаттар қойып отырғанын, соның арқасында оның одан әрі даму үрдісі айқын көрініп тұрғанын атап өтті.

20.11.2020