Қозыбаев университетінің студенті Республикалық медиасауаттылық бойынша "True or False" чемпионатына қатысты

Нұр-Сұлтан қ. Республикалық медиасауаттылық бойынша "True or False" атты чемпионат өткізілді. Аталмыш байқауға еліміздің әртүрлі қалаларынан жиналған қатысушылар өз бақтарын сынады. Сайыс "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" бірлесе ұйымдастырды.

Шараға қатысушы "Sanaly urpaq" жобалау кеңсесінің комплаенс академ офицері, "Журналистика" кафедрасының магистранты Богдан Петров атаулы  сайыстарға талай қатысып көргенін айтады. Осы жолы өткізілген сайыс ол үшін ерекше тұстарымен  қызықты әрі тартысты өтті.

Оның айтуынша, мұндай қарқындағы іс-шаралар білім деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар студенттер  арасындағы  достастық туын көтермек.  Республикалық чемпионат барысындағы әрбір жарыс арнайы жасақталған бақылаушы топпен  қадағаланып отырды.Сондықтан  жеңімпаздар қатарын  анықтау үшін арнайы бақылаушылар тобы да құрылды.

Бұл чемпионатқа ҚР аумағында тұратын 16-29 жас аралығындағы азаматтардан құралған топтар қатысуға мүмкіндік алды.Сондай-ақ бір  топта 5 адам сынға түсті. Айта кеткен жөн сайыс 3 кезеңді құрады. Жартылай финалға қатыса алған, шауып озар 6 топ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

19.11.2020