Қозыбаев университетінде корпоративтік басқару тақырыбы бойынша ақпараттық семинар өтті

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап біздің университет меншік нысанын коммерциялық емес акционерлік қоғамға өзгерткені белгілі, бұл университет қызметінің құқықтық негіздерінде үлкен өзгерістерге әкелді. Осы тақырыптағы түсіндіру шараларының бірі бөлім басшыларына арналған корпоративтік басқаруға арналған ақпараттық семинар болды.

Kozybayev University корпоративтік хатшысы Марина Погребицкая КЕАҚ қызметінің құқықтық аспектілерін ашып, корпоративтік басқару қағидаттарының қалыптасу тарихы туралы айтып берді. Семинарға қатысушыларға университет құрылымы ұсынылды, сондай-ақ Қоғамның Жалғыз акционерінің, Директорлар кеңесінің, басқарма төрағасының-ректордың, Басқарманың, ғылыми кеңестің өкілеттіктері егжей-тегжейлі сипатталды.

Жиналғандар Директорлар кеңесінің құрамымен және қолданыстағы корпоративтік құжаттаманың тізбесімен танысты. Сонымен қатар, университет сайтының корпоративтік басқаруға арналған бөлімі ұсынылды. Сондай-ақ, ЖОО бөлімшелерінің басқарма және Директорлар кеңесімен өзара іс-қимылы бойынша бірқатар практикалық сәттер қарастырылды.

19.11.2020