Көшбасшылар басқосуы

Нұр-сұлтан қ. «ҚР  студенттерінің Альянсы» өтті. Ұйымдастырылған жиында ЖОО өзін-өзі басқару ұйымдары жайлы сөз қозғалды. Еліміздің әр өңірінен жиылған семинар-тренингке Қозыбаев университетінен «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің комплаенс академ офицері делегат ретінде Богдан Петров қатысты.Сонымен қоса көшбасшылар басқосуына барлық білім ордаларының белсенді студенттеріде шақырылған.

Шарада елімізге белгілі тұлғалармен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов, «Асыл арна» арнасының директоры Мұхаметжан Тазабеков, «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері Алпамыс ағаймен кездесу өтті. 

Әңгіме барысында тұлғалық, діни, кәсіби, даму тақырыптарында сөз қозғалған. Мұнда семинар-тренингтер, кездесулер, пікір алмасулар ұйымдастырылды.  Іс-шараға қатысқан Богдан Петров сертификатпен марапатталды. Ал біздің білім ордамыздың өзін-өзі басқару ұйымы университеттегі түн, студенттік балл сонымен қоса бірнеше қайырымдылық кештерін ұйымдастырумен бірнеше жыл айналысып келеді. Дәл қазіргі сәтте білім ордамызда 700-ге жуық студенттер өзін-өзі басқару ұйымына қатысады.

19.11.2020