Қозыбаев университетінің студенттері Тұңғыш Президент стипендиясы иегері атанды

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020-2021 оқу жылының стипендиаттарының есімдері белгілі болды. Қазақстанның 15 қаласынан келген студенттердің 354 өтінімнің ішінен 80 жеңімпаз таңдалды. Олардың арасында ТЭҚФ студенті Самал Амангельдинова және МЖҒФ білім алушысы Юлия Свистунова бар. Нәзікжандылар студенттік стипендияларды алуға арналған байқауға қатысып, оның жеңімпаздары атанды! Атап өткен жөн, Юлия Свистунова екінші жыл қатарынан стипендия иегері болуда.

Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет. Стипендиаттар екі жыл оқу барысында GPA балы жоғары транскрипттермен, сертификаттармен, грамоталармен, өз жетістіктерін растайды.

Негізінен байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші турда оқу орны Республикалық жарысқа қатысу үшін өзі белгілеген тәртіппен үздік студенттерді іріктейді. Одан кейін үміткерлердің өтінімдері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының конкурстық комиссиясына келіп түседі, онда жеңімпаздар қайта іріктеледі.

17.11.2020