Университетте "Ана тілдерін онлайн режимінде оқыту: әдістемесі және коммуникация трендтері" атты вебинар ұйымдастырылды

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Петропавл қ. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенімен бірлесіп Сапа апталығы аясында «Ана тілдерін онлайн режимінде оқыту: әдістемесі және коммуникация трендтері» атты аймақтық ғылыми-практикалық вебинарын өткізді. Вебинарға «СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы», «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» әдіскері, экономика ғылымдарының магистрі Денис Виноградов, №17 ҰӨОМК ұлттық бөлімшелерінің жетекшісі Марина Тябус, неміс тілі мұғалімі Наталья Кавун және Қозыбаев университетінің студенттері қатысты.

Вебинарда жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында және бүкіл әлемді қамтыған COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында жоғары білім мен мектеп білім беру жүйесін қайта құру мәселелері талқыланды. Вебинарға қатысушылар тілдерді оқыту бойынша онлайн сабақтар өткізу тәжірибесімен бөлісті. Олар студенттер мен оқушылар үшін онлайн режимінде заманауи сабақтарды өткізу үшін Интернет ресурстарын пайдаланудың кең мүмкіндіктері туралы бірауыздан пікір білдірді.

Қатысушылардың пікірінше, әрбір педагог үшін қазіргі уақытта компьютерлік және қашықтықтан білім беру технологияларын игеру және оларды оқу-білім беру процесіне енгізу, заманауи онлайн платформаларды, бағдарламаларды, интернет-аудармашыларды пайдалану өзекті болып табылады.

13.11.2020