Аккредиттеу және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттіктің сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын аяқтады

Комиссия сапаны қамтамасыз ету саясатын қалыптастыруды, білім беру бағдарламаларының сапасынның қағидаттары мен тетіктері туралы жұртшылықты және стейкхолдерлерді хабардар етуді мықты тараптар ретінде атап өтті. Университет профессорлық-оқытушылық құрамды ынталандыру және педагогикалық практиканың үздік нәтижелеріне қол жеткізу үшін жақсы жағдай жасады.

Сарапшылар сондай-ақ ЖОО-ға өзінің білім беру бағдарламаларын жетілдіруді жалғастыру қажеттігін атап өтті. Инновацияларды басқаруға, кіретін академиялық ұтқырлыққа, аймаққа бағытталған жобаларды іске асыруға, бірлескен ғылыми зерттеулерге, студенттерді кәсіби сертификаттауға, әртүрлі ұйымдармен бірлескен білім беру бағдарламаларын ашуға, сондай-ақ Түлектер қауымдастығының жұмысын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.

Тексеру нәтижелері аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Аккредиттеу кеңесінің отырысынан кейін белгілі болады.

12.11.2020