XII республикалық пәндік олимпиада

      2020 жылдың 5-6 қарашасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 5В010200 –«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ЖОО студенттері арасындағы  XII республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада студенттердің танымдық, зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарын ынталандыруға бағытталды.  Олимпиадаға 9 команда қатысты. М.Қозыбаев  атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, педагогика факультетінің БМДББТӘ кафедрасының «Болашақ» командасының студенттері (Жангалиева Айнур, 3 курс; Манасбекова  Меруерт, 3 курс; Орынханова Мадина, 3 курс; Тоқтасын Альфия,  3 курс) қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттер үш кезеңнен тұратын сайыста «Шығармашылық жұмыс», «Кәсіби шеберлік», «Практикалық шеберлік» байқауларында терең білімдерін көрсете білді.Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

11.11.2020