«Online форматы: жоғары білім беру жүйесінің жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел

«Сапа апталығы – 2020: қашықтықтан оқыту: білім беру жүйесінің жаңа шындығы» аясында 2020 жылдың 11 қарашасында «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының білім алушылары мен ПОҚ «Online форматы: жоғары білім беру жүйесінің жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Кафедра оқытушылары (Савенкова И.В., Малицкая Н.В., Шаканова Ш. Ш., Ахметов М. Б.) телекоммуникация арқылы «online» режимінде оқу сабақтарын өткізу тәжірибесімен бөлісті: оқу үрдісінің балама мүмкіндіктері ретінде әлемнің ғылыми мұражайларына виртуалды турлар; mentimetr, Google document және т. б. сандық құралдарды қолдану; тәжірибелік сабақтарды өткізу кезінде PRESI бағдарламасымен жұмыс; қашықтықтан білім беру жүйесінде дәріс сабақтарын ұйымдастырудың әртүрлі формалары.

Қашықтықтан оқытудың ұсынылған нысандары, әдістері мен құралдары кафедра ББ қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру үшін перспективалы болып табылады.

11.11.2020