Университетте дайындық сабақтарымен айналысатын еріктілер тобы құрылды

Биылғы оқу жылы өзгеше өтуде. Көп балалы және аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндер, педагогика мамандығында білім алып жатқан студенттерден  қолдау тапты. Білім ордамызда "Sanaly urpaq" жобасы аясында дайындық сабақтарымен айналысатын еріктілер тобы құрылып отыр. Аталмыш бағыттағы шараға университетіміздің студенттер қатары тартылды. Ұйымдастырылып отырған жобаның мақсаты оқушылардың білім деңгейлерін арттырып, ал білімгерлерге мамандықтары бойынша үлкен тәжірибе жинақтауларына бағыт бермек.

Репетиторлық сабақтар екі түрлі форматта, онлайн және оффлайн түрінде өтеді.  Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған дайындық сабақтары университетіміздің 4 корпус ғимаратының 310 кабинетінде өткізілетін болады. Еріктілер белгіленген уақытта келіп дайындық сабақтарын 1 сағат көлемінде жүргізіп отыруға  мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда дайындық сабақтары жоғары сыныптағы оқушыларға берілетін пәндерді қамтымақ. Атап айтсақ, оның ішінде қазақ тілі, тарих, ағылшын, география, биология сынды пәндерге дайындық сабақтары жүргізіледі.

Ең дегенде, бүгіннің актуалды пәндеріне ағылшын, математика, қазақ тіл пәндері еніп отыр. Қазірдің өзінде бұл жоба аясында 12 оқушы мен 16 ерікті студент қатары тіркелген. Дайындық сабақтарын жүргізетін әрбір студенттерге  оқушылар тізімдері де бекітілді. Бүлдіршіндердің айтуларынша танымды әрі пайдалы сабақтар олардың пәнге деген ерекше қызығушылықтарын оятады екен. 

11.11.2020