Виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне оқуға құжаттарды қабылдау басталды

02 қарашадан бастап 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге (РФ, Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті; РФ, Арктикалық мемлекеттік агротехнологиялық университеті) және ҚР бойынша (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті; Ш. Уәлиханов  ат. Көкшетау университеті;  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті; қожа Ахмет Ясауи ат.  Халықаралық қазақ-түрік университеті; Қарағанды техникалық университеті;  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті; Ө, Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті;  М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті; М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) оқуға  құжаттарды қабылдау басталды. Қажетті құжаттар тізімін мына сілтемеден таба аласыз: http://www.nkzu.edu/page/view?id=1284

Құжаттар 2020 жылғы 30 қарашаға дейін студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығына №2 оқу ғимараты, 1 қабат қабылданады.

23.10.2020