Erasmus+ бағдарламасының құзыреттілігін дамыту және көшбасшылық саласындағы мұғалімдерді даярлау бойынша жоба

2020 жылы Kozybayev University тағы бір Erasmus+  - "Құзыреттілікті дамыту және көшбасшылық саласындағы/мұғалімдерді даярлау/ DeSTT" жобасына қосылды.

Ол 3 жыл ішінде іске асырылатын болады және көшбасшылық саласындағы мұғалімдерді кәсіби дамыту және даярлау бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге, жаңғыртуға бағытталған. Оған Еуропа, Ресей, Моңғолия және Қазақстанның 11 жоғары оқу орны қатысады. Үйлестірушісі-Кассино және оңтүстік Лацио Университеті (Италия).

Жобаның педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық, экономикалық және басқару элементтерін біріктіретін магистратура үшін пәнаралық модульдік бағдарламаны әзірлеу, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген оқытушылар үшін "Педагог-көшбасшылар" біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу және "Мұғалімдерді көшбасшылыққа оқыту" электрондық құралын жасау нәтижесі болмақ. Оның жетістіктері өңірдің және елдің педагогикалық қоғамдастығы арасында оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысу арқылы таратылатын болады.

Kozybayev University оқытушылардың қатысуымен жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызды идеяларын жобалау және ілгерілету үшін тұғырнама болуға арналған көшбасшылықты дамытудың білім беру орталығы ашылды.

Орталық келесі функцияларды жүзеге асыратын болады: диагностикалық, білім беру және үйлестіру. Мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту тұжырымдамасын жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, онда көшбасшылық ұғымы, педагог-көшбасшыларға тән дағдылар, сондай-ақ болашақ және жұмыс істеп жүрген оқытушылардың бойында оларды дамыту тәсілдері айқындалатын болады.

17.10.2020