DOCMEN ERASMUS+ жобасының әсері мен тұрақтылығы

"Микроэлектроника бойынша екі деңгейлі инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу" DOCMEN жобасы (https://www.docmen-project.pl) 2016-2018 жылдары Erasmus+ халықаралық бағдарламасы бойынша микро – және наноэлектрониканың инновациялық технологиялары бойынша жаңа курстарды енгізу және жаңғырту арқылы мамандықтарды жетілдіруге, MicLab инженерлік зертханасын құруға, Еуропаның жетекші университеттерінде оқытушылар мен мамандардың тағылымдамадан өтуіне бағытталған.

DOCMEN жұмыс тобы біздің ЖОО-да жобаны іске асыру кезінде қол жеткізілген жобаның нәтижелеріне қанағаттанды. Атап айтқанда, оқу процесіне Болон процесінің компоненттеріне сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізілді, бұл оларды халықаралық деңгейге шығаруға және қос диплом әдісімен, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Энергетика және радиоэлектроника" кафедрасының базасында ЖОО-ның индустриялық және академиялық серіктестермен байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін микроэлектроника (MicSO) бойынша жобаны қолдау және білім мен қызметтерді тарату кеңсесі жұмыс істейді. Нано- және микроэлектроника зертханасы ашылды. Ол оқу процесін жобаға, сондай-ақ оқытудың басқа бағыттарына тартылған ББ үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Консорциумның жоғары оқу орындарымен тұрақты өзара тиімді байланыс орнатылды. Toraighyrov University ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оқу ордамыздың ПОҚ еуропалық жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, сондай- ақ нано- және микроэлектроника бағыттары бойынша олардың өзекті ақпараттарына қол жеткізуге бірегей мүмкіндік алды. DOCMEN барлық мүдделі тараптарға: ПОҚ, стейкхолдерлер, білім алушылар, академиялық емес серіктестер үшін халықаралық ынтымақтастықтың жалпы дамуына және жоғары білімнің жаһандануына ықпал етті.

Жобаны іске асыру барысында ЖОО қаражаты есебінен микро - және наноэлектроника бағыттары бойынша студенттерге дәріс оқу үшін шетелдік ғалымдар шақырылды: София техникалық университетінен (Болгария) В.Виденков пен С. Цанова, Жаңа Лиссабон университетінің  (Португалия) профессоры А. Толстогузов.

Сонымен қатар, "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар", "Аспап жасау", "Электр энергетикасы", "Ақпараттық жүйелер", "Физика"мамандықтары бойынша 20 пән микро - және наноэлектроника саласындағы заманауи деректерге сәйкес жаңғыртылды. ECTS кредиттерінің жалпы саны – 77.

17.10.2020