«Діни ғимараттар Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері ретінде » ғылыми-әдістемелік семинар

Қозыбаев университетінде Рухани келісім күніне орайластырылған «Діни ғимараттар Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері ретінде» тақырыбы аясында онлайн режимінде аймақтық ғылыми-практикалық семинар өтті. Ұйымдастырылған шара барысында СҚО аумағында әрекет ететін конфессиялардың рухани-адамгершілік құндылықтарының ортақтығына сонымен қатар, киелі нысандар болып табылатын облыстың тарихи және ғибадат ескерткіштерін сақтау қажеттілігіне баса  назар аударылды. Қалай дегенмен, ежелден келіп түскен жәдігерлермен мәдени мұраларды сақтап қалу, қоғам алдына  жүктеліп отырған міндеттердің бірі.

Семинардың спикерлері болып «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Александр Никифоров, «СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» директоры Рахат Мамбеталинов, «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» сарапшы-талдаушысы Олег Синяков қатысуға мүмкіндік алды.

Тыңдаушылар үшін 3D форматтағы киелі нысандардың интерактивті картасы және СҚО діни ескерткіштері туралы толыққанды ақпарат ұсынылды.

16.10.2020