Еуропалық Одақтың ERASMUS + бағдарламасы шеңберіндегі ACeSYRI жобасына қатысу біздің университетте информатика саласындағы білім сапасын арттырады

Қозыбаев университеті қатысатын Erasmus + бағдарламасының тағы бір жобасы ACeSYRI «Информатика докторанттары мен жас зерттеушілеріне арналған шеберлік орталығы» (www.acesyri.eu) болып табылады. Бағдарлама 2020 жылдың 15 қаңтарынан бастап қазақстандық және еуропалық жоғары оқу орындарының студенттері, зерттеушілері мен оқытушылары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың инновациялық құрылымын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты - Еуропалық Одақ университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту негізінде қазақстандық университеттердің информатика саласындағы жас ғалымдар мен аспиранттардың ғылыми зерттеулер жүргізу жағдайларын жақсарту болмақ.

Жоба аясында докторанттар, жас зерттеушілер мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары арасындағы ынтымақтастықты дамыту орталығы құрылатын болады. ACeSYRI порталы қатысушыларға зерттеу топтарын құруға, шетелдегі ғылыми серіктестермен ынтымақтастық орнатуға, ақпарат пен жоба нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік береді. ACeSYRI порталын пайдалану студенттерге және Еуропалық Одақтың серіктес елдеріндегі университеттер мен компаниялардың жас зерттеушілеріне еркін және қол жетімді болады.

Жобаның жұмыс тобының мүшесі, PhD докторы, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті Қайнижамал Ықыласованың айтуынша, жоба 3 жылға есептелген және оны 4 еуропалық және 9 қазақстандық университеттер жүзеге асырады. «ACeSYRI-ді енгізу - Қазақстандағы жоғары білімнің модернизациясы үшін құнды үлестердің бірі. Жас ғалымдардың зерттеу жағдайларын жақсарту, сондай-ақ оларды ғылымның өзекті мәселелеріне тарту информатика саласындағы жоғары білім деңгейін көтереді деп күтілуде », - деді ол.

16.10.2020