Біздің университет Еуропалық Одақтың ERASMUS + бағдарламасы бойынша NICOPA жобасына қатысты

2018 жылы Қозыбаев университетінің ұжымы Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Егіншіліктің жаңа және инновациялық курстары» (www.nicopa.eu) NICOPA жобасы аясында ғылыми зерттеулерді бастады.

Зерттеудің негізгі бағыты - егіншіліктің инновациялық технологиялары бойынша жаңа курстарды жаңарту және енгізу арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, инженерлік зертханаларды құруға, жетекші еуропалық университеттерде оқытушыларға, мамандарға және студенттерге тағылымдамадан өтуге бағытталған.

NICOPA жобасына қатысу біздің университеттің қызметкерлеріне халықаралық тәжірибеден өту арқылы өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік берді, сонымен қатар тілдерді оқыту деңгейлерін едәуір арттырды. Кәсіби дамуды одан әрі жетілдіруге  негізделген оқытушылар құрамы, іскерлік коммуникация, кеңсе менеджменті, заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану, дәлме-дәл ауылшаруашылық саласы өкілдерінің әр түрлі санаттарымен, соның ішінде инженерлермен, IT мамандарымен, фермерлермен, мемлекеттік қызметкерлермен өзара байланыс орнатағу мүмкіндік алды.

Берлин қ. (Германия)  техникалық университетінде өндірістік практика өту барысында «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценттері Дмитрий Риттер мен Алексей Савостин  жаңартылған пәндер бойынша жаңа материалдармен қанықты. Статикалық өңдеуден кейінгі эксперименттік мәліметтерді талдау, қажетті экстремалды шешіммен дұрыс нәтиже табу тәсілдерін игере білді. Бұл дағдылар «Деректерді жинау және өңдеу жүйелері», «Жасанды интеллект жүйелері», «Компьютерлік көру жүйелері» бағыттары бойынша арнайы пәндерді оқыту үшін қажет. Оқу курстарын жүзеге асыруда оқытушылардың  алдында тұрған басты мәселелердің бірі - жоба бағытындағы заманауи оқу жүйесінің жетіспеушілігі болып табылады.

Бүгінгі күні білім беру бағдарламаларын жаңартуда  «Шағала Агро» ЖШС, «Шатило и К» ЖШС, «Атамекен-агро» ЖШС, «Геоскан Казахстан» ЖШС  уақытша мамандары ретінде қатысады. Олардың басты мақсаттары  түлектер арасында осы оқу бағдарламаларындағы практикалық компоненттерді жетілдіріп, арттыру болды.

15.10.2020