Онлайн-конкурс "Таңдаған мамандығым-тәрбиеші"

2020 жылғы 05 қазанда педагогикалық факультеттің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру мамандығы студенттерінің арасында «Таңдаған мамандығым- тәрбиеші»тақырыбында байқау өткізілді.

Мақсаты: таңдаған мамандығы бойынша кәсіби түсініктерді дамыту, шығармашылық қабілеттерін белсендіру.

Байқау 3 кезеңнен құрылды:

  1. Болашақ картасы (өзін-өзі таныстыру)
  2. Мінсіз тәрбиешінің портреті

«Педагогикалық сандық»(жағдаяттарды шешу)

Студенттер тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып, өз ойлары мен көзқарастарын анық, әрі нақты жеткізуге тырысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Эрудит» тобыжеңімпаз атанды.

Іс-шара онлайн форматында өткізілсе де, оңтайлы атмосферада жәнеөте қызықты өтті.

15.10.2020