Қозыбаев университетінде «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы» зертханасы ашылды

Білім ордамыздағы агротехнологиялық факультетінің "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы" Қазақстан-Қытай елдерінің бірлескен зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Жиынға СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Қуандық Шакубаев, "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры Бекет Иманқұлов, Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уалиев қатысты. Шараға келген меймандарға «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының оқытушылары зертханадағы құрылғыларды көрсетіп, олардың функциялары мен қызметі туралы жан-жақты түсіндірді. Салтанатты ашылу рәсімін онлайн режимінде солтүстік – батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті және Агрономия колледжінің деканы Шан Вейсин тамашалады.

Осы зертхана Қозыбаев университетінің және Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР, Янлин қ.) ғылыми қызметі нәтижесінде құрылды. Білім беру және ғылыми ынтымақтастық орталығы университетіміздің Агротехнопаркі болып табылады.

Жаңа ашылған лабораторияда апикальды меристемалар мәдениетін жағдайында картоптың жаппай микроклональды көбеюін қолдана отырып, картоп отырғызу материалын сауықтырудың биотехнологиялық әдістері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы" зертханасы - ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандарды даярлау саласында білім беру сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу үшін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласында білім алушылар мен жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін іске асыру бойынша жағдайлар жасау үшін толыққанды жұмыс істейтін болмақ. Ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында серіктес жоғары оқу орны 11 млн. теңге сомасына шағын габаритті ауыл шаруашылығы техникасын (4 бірлік) өтеусіз ұсынып,  зертханалық жабдықтарды 15 млн. теңгеге сатып алды.

14.10.2020