Белгілі журналист, ғалым, профессор Зарқын Тайшыбайдың шығармашылығының 60 жылдығы атап өтілді

Білім ордамыз  профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбайдың шығармашылық қызметінің  60 жылдық мерейтойын атап өтті. Журналистика саласында еңбегі сіңген ұлы тұлға 40 жыл мұғалімдік қызметте табысты еңбек етіп, бүгінде ел ішінде түрлі салада қызмет атқарып жүрген шәкірттер тәрбиеледі. Салтанатты басқосуда әріптестері мен жолдастары ғалымның еңбек жолындағы санадан сөнбес сәуледей сәттерін сөз етсе, шәкірттері болса теңіздей тұнық терең мағыналы туындыларына кеңінен тоқталды.

Мерейтой иесінің шығармашылық  кешіне  келген меймандар, оқытушылар мен  студенттер қатысып,  жылы  лебіздер және игі тілектерін білдірді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Ғани Нығметов жиналған қонақтарға аймақ басшысының құттықтау сөзін жеткізді.

Шығармашылық еңбек жолын 1960 жылы аудандық «Ленин туы» газетінде əдеби қызметкер болып бастаған Зарқын Сыздықұлы, аудандық кеңес атқару комитетінде бөлім бастығы, аудандық газет редакторының орынбасары, редактор, облыстық газетте бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығын ашып және кафедрасын басқарған. Бұдан бөлек, Зарқын Тайшыбайдың ғылымға сіңірген үлесі зор. Оның 10 монографиясы, 12 оқу құралы мен оқулықтары, 250-ге тарта мақалалары жарыққа шыққан. Зарқын Сыздықұлының ғылыми жетекшілігімен көрнекті қайраткерлері Мағжан Жұмабайдың, Смағұл Сəдуақасовтың, Сəбит Мұқановтың, Сафуан Шəймерденовтің, Еслəм Зікібаевтың, Мүталлап Қанғожиннің, Бақыт Мұстафиннің, Жарасбай Сүлейменовтің, Бүркіт Бекмағамбетов жəне басқалардың шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазылды.

Тəжірибелі ұстаз, республикадағы журналистік білімді ұйымдастырушыларының бірі ретінде Зарқын Тайшыбай білім берудің халықаралық тəжірибесін игеруден жалыққан емес. Қазіргі таңда бірқатар еңбектердің авторы, шыңдалған журналист,  болашақ  маман иелеріне  қашан да ұлыларға бой түзеп, өсіп, өркендеп, белестерді бағындырындар  деген нұсқаулығын білдірген болатын.

14.10.2020