Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

"М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің 06.10.2020 ж. шешіміне (№1 хаттама) сәйкес Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшы лауазымының бос болуы туралы хабарлаймыз.

Директорлар кеңесі 2020 жылғы 6 қазандағы (№1 хаттама) бекіткен "М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ корпоративтік хатшысы туралы ереженің 11-тармағына сәйкес Корпоративтік хатшының функциялары мынадай талаптарға сай келетін адамға жүктелуі мүмкін:

1)      Жоғары заң және/немесе экономикалық білімінің болуы;

2)      кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында және/немесе басшылық лауазымда кемінде 3 (үш) жыл кәсіби жұмыс тәжірибесінің болуы;

3)      соңғы үш жылда корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттырғаны туралы куәліктің болуы;

4)      өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімінің, тәжірибесі мен біліктілігінің болуы.

5)      ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы;

6)      компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы;

7)      Қоғам қызметінің ерекшелігін білу.

Лауазымға кандидат мынадай ақпарат беруі тиіс: қызметтік тізім, білімі туралы дипломдардың көшірмесі, біліктілігін арттыру, кәсіптік қайта даярлау туралы мәліметтер, соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, Қоғамның Корпоративтік хатшысын лауазымға сайлау туралы кандидаттың жазбаша өтініші.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

Өтініштерді беру мерзімі - жарияланған күннен бастап бір ай ішінде. Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер Директорлар кеңесінің отырысында қаралады.

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы туралы ереже

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7152) 493233, қос. 1022, 1020, телефонына хабарласыңыз, 219/2 каб.

14.10.2020