Профессор Александр Никифоровтың мерейтойы

Бүгін біздің университет философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Александр Владимирович Никифоровтың- 70 жылдығын атап өтті. 45 жылдан астам уақыттан бері ол альма-матерда жұмыс атқарып келеді.

Қазақстанның діни саласындағы саясатының тарихы бойынша дәрістер оқиды. Білімгерлер зейін қойып оқитын сабақтар қызықты, мазмұнды, жоғары ғылыми, әдістемелік және кәсіби деңгейде өтеді.

Мерейтой иесінің салтанатты кешіне оның әріптестері, студенттері, серіктестері қатысты. Көптеген жылы лебіздер, жүрек жарды тілектер айтылды.

Ғылым және инновация жөніндегі проректор Ақмарал Ибраева Александр Владимировичті құттықтап, гүл шоқтарын ұсынып, өмірбаянының маңызды кезеңдерін еске түсірді.

Александр Никифоров Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетін бітірген. 1975 жылы ол сол кездегі Петропавл педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы болып қабылданып, қарапайым мұғалімнен профессорға дейін өсті. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Інжіл мен Құранның параллельдері және Қазақстан халықтарының этносаралық келісім мәселелері» тақырыбында бүгінгі күнге дейін өзекті және сұранысқа ие диссертациясын қорғады. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Өмір бойы оның ғылыми зерттеулерінің тұрақты тақырыбы дінтану, этно-конфессиялық қатынастар және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері болды және болып қалады.

Оның 100-ден астам ғылыми жұмыстары жарық көрді, соның ішінде: «Інжіл және Құран: шығу тегі мен параллельдері» монографиясы, «Солтүстік Қазақстандағы этно-конфессиялық қатынастардың ерекшелігі» кітабы, сонымен бірге «Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері: тарих және қазіргі заман».

Дінтану және оқыту саласындағы жетістіктері үшін Александр Никифоров 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды, ал 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің профессоры болды.

Оның біздің елдің ғылымы мен білімінің дамуына қосқан үлесі зор. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» медалі, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төсбелгісі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ҚР мәдениет, ақпарат министрлігінің құрмет грамоталары және Қазақстан Республикасының SOROS қорының және басқалардың қоғамдық келісімі бойынша марапатталған.

Александр Владимирович үшін философия - бұл өмір салты. Оның әлемді танудағы өзіндік ұстанымдары мен идеялары бар. Дінтанушы ғылыми еңбектерінде көпэтникалық және көпконфессиялы мемлекеттердің халықтарына олардың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, наным-сенімдері мен мәдениеттерінің айырмашылықтардан гөрі ортақ жақтары көп екенін көрсетуге тырысады. Сондықтан қазіргі уақытта әмбебап, адамгершілік қағидасына назар аудару маңызды деп біледі.

12.10.2020