«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректордың бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

150000, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Коммерциялық емес ақционерліқ қоғамының Директорлар кеңесі Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86 мекенжайы бойынша орналасқан «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Келесі тұлға конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген үлгі бойынша 3x4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;

5) білім туралы құжаттардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, оларға қосымшалардың көшірмелері;

6) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби кеңес қорытындысы);

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 645), телефон: 8 (7172) 74-27-25, 74-25-22.

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректорды іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібі

Қосымша-2. Өтініш

Қосымша-3. Білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі


БАҚ-тағы хабарландыру:

Казахстанская Правда (09.10.2020)

Egemen Qazaqstan (09.10.2020)

09.10.2020