"Қазгидромет" РМК Қазақстан фермерлері үшін интернет-қосымшаның бар екендігі туралы хабарлайды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан фермерлері үшін мамандандырылған интернет-қосымшаның бар екендігі туралы хабарлайды https://agrodata.kz.

Интернет-қосымша министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленді және шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. AgroData кез-келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады.

Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ.
Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап фермерлер онлайн режимінде нақты ақпарат пен болжамдарды көре алады.

Қосымшада ауа-райы болжамдары, ұсынылған егу күндері, Топырақтағы ылғал қоры және Өсімдік шаруашылығы туралы шешім қабылдауға арналған басқа да маңызды ақпарат бар.

Барлық ақпарат https://agrodata.kz сілтемеcі бойынша қарапайым және қолжетімді түрде ұсынылған.

07.10.2020