Разработка модели углеродного бюджета CBM-CF3 для лесного сектора

2020 жылғы 25 қыркүйекте Zoom платформасында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Жасыл Даму АҚ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өкілдерінің қатысуымен «Орман секторына арналған CBM-CF3 көміртегі бюджетінің моделін әзірлеу» семинары өтті. БҰҰДБ халықаралық сарапшысы Др. Вайорел Блуждеа семинар жұмысы барысында шығарындылар мен сіңірулерді үлгілеуге қатысты есептілікке қойылатын талаптар мәселелерін жария етті, модельдеуге шолу және көміртегі бюджеті моделінің жалпы сипаттамасын жүргізді және қазақстандық модель үшін ормандардың жай-күйі мен динамикасы бойынша деректерге қойылатын негізгі талаптармен таныстырды. Семинар жұмысына тыңдаушылар ретінде  6В08301 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» ББ 2 курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты. Аталған семинар-ҚР ОШ орман секторының мәселелеріне шетелдік мамандардың көзімен қарауға жақсы мүмкіндік!

02.10.2020