Қос дипломды білім беру

2020 жылғы 03 қыркүйекте «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» АЕҚ (ҚР) және Арктика мемлекеттік агротехнологиялық университеті (РФ, Саха Республикасы) арасындағы қос дипломды білім туралы келісім шеңберінде 7М08201 Агрономия және 7М08101 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы ББ  бойынша магистратураға түсу әңгімелесу өтті. Әңгімелесу online режимінде өтті. Комиссия жұмысына: Тоқтар М. («Агрономия және орман шаруашылығы» кафедра меңгерушісі,  «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» АЕҚ АФ, Phd докторы), Иль Д. Е. («Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасы меңгерушінің м.а., «М. Қозыбаев атындағы СҚУ», АЕҚ АФ, магистр), Черноградская Н.М. (Жалпы зоотехния кафедрасы, АМАУ АТФ, а.-ш.ғ.к.), Слепцова Н.А. (АМАУ агрономия және химифлкиз кафедрасының доценті, а.-ш. ғ. к.). 7M08101 Агрономия ББ А. Бегеуова және 7М08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы ББ А. Умарова 1 курс магистранттары әңгімелесудің барлық кезеңдерінен сәтті өтті.

24.09.2020