Kozybayev University ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысты

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында ел халқына  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жолдады. Онда 7 негізгі талап айтылды. Бұл игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу; жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі; адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтарды ашу; өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру; адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім беруге инвестициялар; экономиканы "көгалдандыру", қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Kozybayev University ұжымы еліміздің одан әрі дамуының осы стратегиясын қуана қабылдады.

Президент Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды: "Бұл құжатта бейресми білім берудің балама нұсқаларын белсенді енгізуді, өз бетінше оқыту нәтижелерін тануды, кәсіби дағдыларды сертификаттауды қарастыру қажет".

Мемлекет басшысы стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікті, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікті құру туралы бастама көтерді. ТЖ министрлігі өз функцияларын қалпына келтіреді.

2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының үлесін бірінші кезектегі қажеттіліктерге пайдалана алады. "Менің тапсырмам аясында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл әсіресе қазір өзекті, бірақ 2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларын басқаруға беру үшін пайдалана алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

01.09.2020