Қозыбаев университетінде "2020-2021 оқу жылына арналған оқу процесін ұйымдастыру" брифингі өтті

Қозыбаев университетінде оқу процесі 1 қыркүйектен бастап қашықтықтан оқыту ұйымдастырылуда. Университет сайтында барлық нормативтік база, білім алушылар, қызметкерлер үшін керекті ақпараттар жүктелген. Білім ордамыздың академиялық сауалдар жөніндегі проректордың м.а. Жанар Таласпаева мәселеге толығырақ тоқтала кетті.

Айта кететін жайт, оқу ордамыздың студенттері ұялы байланыстың нашарлығына қарай университет жатаханасынан да орын ала алады.  Интернеттің жоқтығынан жатақханаға мұқтаж білім алушылар саны 135 адамды құрайды. 

Сабақтар онлайн режимінде Zoom, BigBlueButton, Google Classroom және YouTuBe платформаларында өтеді. Техникалық, ауылшаруашылық, медициналық және табиғи бағыттарда оқитын студенттерге арналған практикалық және зертханалық сабақтар аралас түрде өтеді. Дәрістер-онлайн, СЭР қатаң сақтай отырып зертханаларда практикалық сабақтар ұйымдастырылады.

Сонымен қоса,  әскери кафедраға қабылдау мерзімі 1-30 қыркүйек аралығына дейін болатындығын айта кетті. Осы оқу жылында ақылы оқу бағасы өзгеріссіз қалмақ.

28.08.2020