«Солтүстік Қазақстан - дәм мен дәстүр» ғылыми-зерттеу жобасы аясында этнографиялық экспедиция

Ағымдағы жылдың тамыз айының сонында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында «Солтүстік Қазақстан – дәм мен дәстүр» ғылыми-зерттеу жобасы аясында этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Зерттеудің басты мақсаты-  этнографиялық деректерді жинақтау, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының материалдық емес мәдени мұрасының иеленушілерін анықтау.

Ғылыми-зерттеу экспедициясы барысында, қазақ халқының материалдық емес мәдени мұрасын насихаттаушылармен сауалнама және сұхбат жүргізілді, «Ақ әжелер» фольклорлық ансамблінің жұмысы зерттелінді, Кішкенекөл ауылының кітапханасында орналасқан «Абай орталығының» қызметімен таныстық. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылында қазақтың ұлттық тағамдары, өнері мен қолөнері, салт-дәстүрлері туралы бейне-жазбалар мен материалдар жиналды және этнофотосессия өткізілді.

Атап өту керек, ​экспедицияның құрамында ҚР Ұлттық мұражайына қарасты «Халық қазынасы» ҒЗИ-ның жетекші ғылыми қызметкері Әйгерім Мусагажинова, Kozуbayev University «Рухани Жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Зауре Картова және этнофотограф Динара Жунусова болды.

 

26.08.2020