Абайдың 175 жылдығына арналған «Мүшайра» жас ақындардың республикалық байқауы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ 

Биыл ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. Мерейтойды мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ЖАҚ-пен бірлесіп, республикалық «Мүшайра» жас ақындар конкурсын ұйымдастыруда.

Бүгінгі күні осы іс-шараның Солтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық ұйымдастырушысы –М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институты болып табылады.

Байқауға жас жазушылар, ақындар, журналистер және 16-29 жас аралығындағы жастардың басқа санаттарының өкілдері қатыса алады. Бұл конкурс Абайға арналған шығармаларды қамтиды: 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 қысқа проза (жазушылар үшін). Жұмыс тілі - қазақ / орыс. Жұмыстар электронды түрде тапсырылады.

Республикалық байқау екі кезеңнен тұрады. Өңірлерде іріктеу кезеңі 2020 жылдың 10 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Қорытынды кезең 2020 жылдың 1 мен 20 қазан аралығында ұйымдастырылады. Аймақтық іріктеу кезеңінің үш жеңімпазы «Мүшайра» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алады.

Байқаудың Гран-приі - 500 мың теңге, бірінші орын жеңімпазы 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. Сондай-ақ, екінші орын иегері 200 мың теңге, ал үшінші орын үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байқауға қатысу, сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін өз жұмыстарыңызды аймақтық ұйымдастырушыға sko_mushaira_175@mail.ru электронды поштасына жіберіңіз.

Байқаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында республикалық кезең толықтай бейне-жазбаға түсіріледі. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде жұмыстың идеялық және композициялық тұтастығын сақтау ескеріледі. Осы конкурсқа қатысу арқылы сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді шыңдап қана қоймай, сонымен бірге өзіңізді республикалық деңгейде дарынды ақын немесе жазушы ретінде жариялаудың керемет мүмкіндігіне ие боласыз.

26.08.2020