Kozybayev University делегациясы С. М Киров атындағы зауытында болды

Жақында Kozybayev University және «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ өкілдерінің кездесуі өтті. Қос тарап бұл басқосуда бірлесе отырып мамандықты терең меңгерген мамандар дайындаумен бірге өндіріс пен университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстарды байланыстыру және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөнінде әңгіме болды.

Кездесу барысында университет басшылығы зауытты аралап, оның құрылымымен танысты. Ербол Исақаев бастаған ЖОО делегациясы зауыттың жұмысын бағалады. Сонымен қатар, олар С. М. Киров атындағы зауыт  өндірістік қуаттылықтылығын көріп, онда өндірілетін өнімді зерттеді.

Бұнымен қоса, кездесуде зауыт қандай өнімді қызықтыруы мүмкін; ноутбуктердің сапасы мен жинақталуы, ғылыми идеялар саласындағы бірлескен ынтымақтастық бойынша тараптардың мүдделілігі; зауыт үшін білікті кадрлар даярлау сынды сұрақтар талқыланды. Басқосуда ынтымақтастық мәселелері бойынша келешекте университет және зауыт арасындағы бірлесіп жасайтын жұмыстарды екі жаққа да тиімді ету мәселелері қаралып, шешім қабылданды.

16.07.2020