М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да студенттерге диплом табыстау рәсімі басталды

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да осы жылғы орын алған карантиндік шектеу шараларына орай, өз түлектеріне салтанатты түрде дипломдарын табыстай алмайды. Шілденің 1-4 аралығында бекітілген кестеге сәйкес университеттің 2 ғимаратының фойесінде 8 факультетінің бітірушілері көптен күткен құжаттарын қолға алады. 

Жоғары оқу ордасында студенттер белсенді оқып, практикадан өтіп, емтихан тапсырды, ғылыми жұмыстар жазды, спорттық іс-шараларға қатысты, сондай-ақ 4 жыл көлемінде жаңа достар тауып, белсенді студенттік өмірді жүргізді. Енді олар ЖОО мақтанышына айналып отырған түлектер! 

Биыл ЖОО құттықтаулар онлайн өткізіледі, әрбір кафедрада бөлек, бітірушілерді университет басшылығы, декандар, кафедра меңгерушілері құттықтап, жылы-лебіздерін білдіріп, сәт-сапар тілейді. Биыл  университет қабырғасын 1722 студент тәмамдайды, соның ішінде 196 магистрантқа, 6 интернге, қалғандары бакалавр дәрежесіне дипломдар табысталады,  оның 375-і оқуды үздік аяқтайды. 

Сондай-ақ, оқу мен ғылымдағы белсенді жүргізген жұмыстары үшін ерекше көзге түскен түлектер алғыс хаттармен марапатталады.  Соңғы жылдары оқу ордамыздағы студенттер санының өсуі университет үшін жағымды жаңалық. Қысқа мерзім аралығында ЖОО бірнеше мамандық бойынша докторантура ашылып отыр. Осының барлығы университет басшылығы мен оқытушылар қауымы атқарып жатқан жұмыстың жемісі.

02.07.2020