Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М. Қозыбаев атындағы СҚУ жаңа логотипін әзірлеу бойынша байқауының жеңімпаздары өздерінің сыйлықтарын алды

"Kozybayev University" жаңа ресми логотипін әзірлеу байқауының жеңімпаздары университет бассейніне жылдық абонементке ие болды. Эльвира Бейсембаева жоғары көркем білімі бар, Петропавл қаласының "В яблочко" жарнама агенттігінде жұмыс істейді.

"Ол жеңіл, есте қаларлық, тіпті түс схемасы мағыналық жүктемеге ие болды - мемлекеттік рәмізге сәйкес келеді", - дейді Эльвира Бейсембаева.

Байқаудың тағы бір жеңімпазы "Дизайн" мамандығы бойынша оқыған М. Қозыбаев атындағы СҚМУ түлегі Олеся Халаим болды. Қазір ол мамандығы бойынша Мәскеуде жұмыс істейді. Отаныма келіп, байқау туралы білдім, осылайша альма-матердің дамуына өз үлесімді қосуды шештім.

Тағы 4 қатысушы үш ай мерзімге бассейнге абонемент сертификаттарын алды. Қатысушыларға жүлделерді ректордың м.а. Ербол Исақаев табыс етті. Ол жас дизайнерлерді одан әрі ынтымақтастыққа шақырды. Өйткені жақын болашақта біздің университетке үлкен ребрендинг қажет деп айтты.

20.06.2020