Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Білім ордамызда «Қазіргі педагогикалық білім тақырыбында» конференция өтті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Қазіргі педагогикалық білім: дәстүрлер, жетістіктер, инновациялар" атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда білім беру жүйесін жаңғырту, жаңартылған мазмұн жағдайында мұғалімдердің жұмысы, уақыт сынына жауап беретін қажетті мамандарды дайындау мәселелері талқыланды.

Іс-шараға жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, педагогтар, психологтар, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен тәрбиешілері, аспиранттар мен магистранттар, әдіскерлер, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей қоғамдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылым және инновация жөніндегі проректор Ақмарал Ибраева жаңа білім беру бағдарламаларын, оның ішінде педагогикалық бағыттағы бағдарламаларды енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде екенін атап өтті. Айта кетсек, осы оқу жылында "Дефектология", "Сурдопедагогика", "Олигофренопедагогика" білім беру бағдарламалар, "Дене шынықтыру және АӘД" қосарланған бағдарламасы ашылды.

СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова бүгінде СҚО - да жұмыс істейтін 17 мың педагогтің 25% - зейнеткерлік дейін жастағы екенін айтты. Сондықтан еңбек нарығы жас, білікті мамандарға қызығушылық танытуда. Қорған мемлекеттік университетінің профессоры Геннадий Федосимов магистратураның екі дипломды білім беру бағдарламасын ашу бойынша жоспарларымен бөлісті.

Конференцияға алыс және жақын шетелдерден 100-ден астам баяндама келіп түсті.

26.02.2020