М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кітапханасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Abaibookdating» кітап марафонын бастады

«Abaibookdating» кітап марафоны Қазақстанның жоғары оқу орындарының кітапханаларына келушілер арасында өткізіліп, ұлы классиктің шығармаларын кеңінен насихаттауға арналған.

Абай Құнанбаев- ақын, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Халқымыздың баға жетпес байлығы - Абайдың «Қара сөздері» болып табылады. Марафонның басталуы дәл осы ұлы сөздерге арналды. Абайдың соңғы жылдарында жазған 45 «Қара сөздері» олар ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық, қазақ тарихын  жоғары сатыға көтереді.

Болашақ тарихшылар Ақжол Имеш, Мәди Шәмшемет және Бақдәулет Қыдырбай Абай атамыздың кейбір  «қара сөздерін» оқыды. Жігіттер көтерілген тақырыптарға өз көзқарастарын білдірді. Марафонға ұлы ақынның жас ізбасарлары, болашақ журналистер Вячеслав Чинишлов, Лаура Беккожина, Анастасия Кузнецова және тағы басқалар қатысты.

Содан кейін олар эстафетаны әріптестеріне, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқырмандарына тапсырды. Айта кетейік, марафон жыл соңына дейін жалғасады. Оған Қазақстанның  Жоғары оқу орындарының университет кітапханалары да қатысады деп жоспарлануда.

25.02.2020