Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар өз бастауын алды

Биыл бүкіл қоғамдастық шығыс ортағасырлық ой данышпаны Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтеді. Біздің университете осы мақсатта  бірқатар мерейтойлық шаралар жоспарланған.

Білім ордамызда «Әл-Фараби - кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өтті. Онда болашақ тарихшылар мен журналистер «Шығыс ғылымының атасы» сан қырлы таланттың түрлі аспектілерін зерттеді. Шынында да, әл-Фарабидің ғылыми қызығушылығы таңқаларлық. Студенттер мен магистранттар өздерінің баяндамаларында әл-Фарабидің астрономия, логика, әлеуметтану, этика, медицина, философия, психология және құқық сияқты білім салаларына айтарлықтай үлес қосқандығын атап өтті. Әл-Фараби бізге белгілі 160-тан астам трактаттар жазды, олардың көпшілігі кез-келген классика сияқты бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады.

 

20.02.2020