М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері арасында отбасылық бақыт туралы семинар өткізілді

"Ағаш тамырымен, ал адам отбасымен" - дейді халық даналығы. Салауатты және бақытты отбасы-қоғамның ұяшығы емес пе. Ол жаңа ұрпақтың, қоғам мен мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосып келеді. Оның ішінде қарым-қатынасты қалай дұрыс құру керек? Қатеден қалай құтылуға және қиындықтарды қалай жеңуге болады? Бұл туралы мамандар 13 ақпанда «Дәстүрлі және қазіргі заманғы отбасы: бақыт құпиясы» атты ғылыми-практикалық семинарда айтты.

Іс-шара ҚХА кафедрасы 0Орталығымен бірлесе отырып, психологиялық қызмет университеті және ПФ факультетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Өткізілген шараға психологиялық-педагогикалық бағыттағы студенттер қатысты. Спикерлер ретінде университет оқытушылары, қазіргі психологтар, қызмет көрсету саласы колледжінің өкілдері сөз сөйледі.

Сондай-ақ "Дом мамы" қоғамдық қорының өкілдері қатысты. Олар отбасы типтерінің жіктелуі, отбасы өмірінің дағдарыстары мен жанжалдарын еңсеру туралы айтып, жалғыз басты әкелер проблемасын көтерді және қиын өмірлік жағдайға тап болған аналардың баладан бас тартуының себептерін талқылады. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы Әсем Белгібекова отбасылық бақытының құпиясымен бөлісті. "Арго" облыстық грузин этномәдени орталығының төрағасы Омари Харбедия дәстүрлі отбасылық құндылықтарға ер адамның көзқарасын ұсынды. 

Диалог алаңы барысында қатысушылар пікір алмасып, семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар жасады. "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" ББ бойынша оқитын студенттерге отбасылық психология мәселелерінде ғылыми зерттеулерге арналған бағыттар ұсынылды.

15.02.2020