Университет ректоры кубогына арналған облыстық ашық турнир өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған еркін күрес бойынша ашық облыстық турниріне 80-нен астам спортшылар жиналды. Ректор кубогына 6 команда қатысты: СҚО-ның 4 ауданы мен Петропавл қаласының оқушылары. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша 48-ден 90 келіге дейін сынға түсті. 

Іс-шараның ашылуында сөз алған қонақтар осындай өңірлік чемпионаттар жас спортшылар үшін өзіндік трамплин болып, оларды спорттық шеберліктің жаңа деңгейіне шығара алатынын атап өтті. Бұл турнир университет үшін бұл ауқымды турнирлерді өткізудің алғашқы тәжірибесі емес.

Өткен жылы "Сұңқар" ЖОО-ның спорт клубы Қазақстанның 4 облысынан, сондай-ақ республика астанасынан келген атақты палуандар қатысқан осындай жарыстар ұйымдастырды. Наурыз айының ортасында ересектер арасында қазақша күрестен Ректор кубогы өтеді. Оған республиканың барлық палуандары, соның ішінде альма-матер студенттері қатыса алады.

14.02.2020