![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
«Book dating» атты студенттер марафоны өтті
Киелі қазақтың дана әрі дара ақының бірі Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы қарсанында book dating атты кітап марафоны университет жатаханасында өткізілді. Сайыста білімгерлер 4 топқа бөлініп,өз ойларын ұшқыр айта білді.Әр топ өз жатаханаларының намысын қорғау мақсатында 4 тур бойынша сайысты.
1 тур «Абай жолы» романы бойынша электронды түрде сұрақжауаптар.
2 тур Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы жазбаша сұрақ жауаптар.
3 тур «Абайға арнау» студенттердің Абай Құнанбаевқа арнау өлеңдері
4 тур Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан үзінді ( ән, өлең).
Сайысты қорытындылай келе студенттеріміз тапқырлық танытты. 1 орынды 3 жатахана студеттерінен құралған «Сегіз аяқ» тобы. 2 орынды 1 жатахана «Болашақ педагог» иеленсе, ал 3 орынды «Жас маман 2022» тобы қанжығаларына байлады. Сайыс соңында студенттер дипломдармен марапатталды.