"RED SPARK 2020" Startup-жобалар байқауы

Құрметті студенттер!

Сіздерді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2020 жылдың 22-23 ақпанында өтетін "RED SPARK 2020" Startup-жобалар конкурсына қатысуға шақырамыз.

Іс-шара жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланып отыр:

1.     Ауыл шаруашылығы жобалары.
2.     IT жобалар.
3.     Машина жасау және құрылыс саласындағы жобалар.
4.     Әлеуметтік жобалар.
5.     Тұтыну нарығының жобалары.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Байқауға қатысу үшін 2020 жылғы 22 ақпанда №6 ОК фойесіне келіп, тіркеу рәсімінен өту қажет.

Жоба материалдарын 2020 жылғы 21 ақпан сағат 00:00-ге дейін электронды түрде мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: OKRNI_SKGU@mail.ru

Баяндама материалдары MS PowerPoint форматында қабылданады (.ppt немесе .pptx) және 11 слайдтан артық болмауы тиіс.

Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар қаралмайды және авторларға қайтарылмайды. Сондай-ақ, ақпараттың таралып кетуін болдырмау үшін және өткізілетін іс-шараның жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін байқауға қатысатындардың ұсынған ақпараты жария етілмейді.

Ақпараттық хат

Байқау туралы ереже

Презентацияны рәсімдеу бойынша ұсыныстар

06.02.2020