Ұлы Абайдың мерейтойы

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері мен кітапханасының қызметкерлері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.

Шараға И.Ф. Вараввий атындағы кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандары (Краснодар қ., Ресей), Б. Шаховский атындағы жастарға арналған кітапхана (Астрахань қ., Ресей), № 9 қалалық кітапхана-филиалы Янки Купала (Могилев қ., Беларусь), Ж. Бектуров атындағы облыстық жас өспірімдер кітапханасы Қарағанды, Шемонаиха аудандық орталық кітапханасы (ШҚО) қызметкерлері қатысты.

Оқушылар Абайдың шығармаларын оқып, біздің болашақ журналистер мен менеджерлер атақты ақынның шығармашылығы туралы жақсы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар өлеңдер шырқалып, нақыл сөздер, әндер айтылды. Кітапхана директоры Әсия Бисімбаева университетте қазақтың ұлы классигінің мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланғанын атап өтті.

Конференция барысында «Абай мұрасы. Абайға ... » атты халықаралық интернет-байқауы басталды.

31.01.2020