Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

АҚ штабының ақпараты

Қатты аяздағы қауіпсіздік шаралары

Қатты аяз кезіндегі келесі негізгі қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.

Егер Сізге далаға шығу қажет болып жатса жылырақ киініңіз, көпқабатты киім жылуды көбірек сақтайтыны есіңізде болсын – бір ауыр киімнен қарағанда бірнеше қабат жеңіл киім киген әлдеқайда артық. Киім тар болмауы керек. Аязды күндері нағыз маталардан жасалған киімдерді киіп жүруге тырысыңыз, жібек және синтетикалық маталардан жасалған киімдерді кимеуге тырысыңыз.

Мойын және білек бөліктерін жылы ұстаңыз, өйткені дәл осы дене бөліктері жылуды тез жоғалтады. Қолғап жылуды жақсы сақтайтынын ұмытпаңыз. Мойынорағыштар қолданыңыз олар суықтан жақсы қорғайды.

Қатты аяз кезінде, әсіресе желде бас киімді таңдағанда құлақ міндетті түрде жабық болу керек. Аяғыңызды суықтан қорғаңыз, оларды үсіріп алу басқасынан қарағанда оңай. Аяқ киім тығыз болмау керек. Аяқты баулармен, жабыстырғыштармен тақап байламаңыз. Аяқ киім құрғақ болған жөн. Қатты аяздарда ең жақсысы пима және тері аяқ киімдер мысалға: унты мен уги.

Аязда металл сәндік бұйымдарды сақина, сырға және т.б. (оның ішінде алтын,күміс) тақпаңыздар. Біріншіден металл денеден қарағанда әлдеқайда тез төмен температураға түседі, нәтижесінде денеге «жабысу» ауырту сезімдерін және суық жарақаттарын алу мүмкін. Екіншіден адам саусағындағы сақиналар қалыпты қан айналуды қиындатады. Жалпы аязда металдың терімен байланысын болдырмаңыз. Аязда металл бұйымдары суықты тартады.

Сақ болыңыздар. Өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!

АҚ штабы

04.02.2019