Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

АҚ штабы ақпараты

Тұрғындардың қатты боран туралы ескерту алғандағы іс-әрекеттері

  • Теледидарды немесе радиоқабылдағыштарды қосыңыз, олар арқылы маңызды ақпарат белілуі мүмкін.
  • Терезені, есікті,  шатырдың есігін және желдеткіш саңылауларын нығыздап жабыңыз.
  • Балкон және терезе жақтауларынан жел ұйытқып әкететін заттарды алып тастаңыз.

Тұрғындардың боран уақытындағы іс-әрекеттері

Егер Сіз елді-мекенде болсаңыз:

  • Елді-мекеннің шеңберінен алыс шықпауға тырысыңыз.

Егер Сіз ғимаратта болсаңыз:

  • Тек қажет жағдайда ғана ғимараттан шығыңыз.
  • Егер сондай қажеттілік туындаса, отбасы мүшелеріне немесе көршілерге қайда бара жатқаныңыз және қашан келетініңіз туралы хабарлаңыз.
  • Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер Сіз жолда болсаңыз:

  • Үлкен тас жолдармен жүріңіз.
  • Машинадан шығатын болсаңыз, көз көретін жерден аспаңыз.
  • Машинаңыз жарамсыз немесе жол көрінбейтін жағдайда, арнайы апаттық белгіні қосып, жолдың жиегіне тоқтаңыз;

- үзік-үзік сигналмен дабыл соғыңыз, капотты ашыңыз немесе антеннаға ала шүберек байлап белгі қойыңыз, келетін көмекті автомобилде күтіңіз. Қозғалтқыш қосулы болсын, тұншықтырғыш газдан уланудың алдын алу үшін желдету үшін терезенің шынысын сәл түсіріңіз.

Тұрғындардың қатты бораннан кейінгі іс-әрекеттері

Егер қатты сырғыманың салдарынан Сіз бөлмеде жабылып қалсаңыз:

  • Жылуды және азық-түлік қорын үнемдеп жұмсау шараларын қабылдаңыз.
  • Сақтықпен, дүрбелеңсіз, қар тұтқынынан өз күшіңізбен шығудың мүмкіншілігін қарастырыңыз, ол үшін қолда бар аспаптар мен өзге де заттарды пайдаланыңыз.
  • Егер қардан өз күшіңізбен шығатын мүмкіншілігіңіз болмаса, 112 телефоны арқылы құтқару қызметіне хабарласыңыз.

Егер Сіз дене мүшесін үсітіп алсаңыз:

  • Дененің үсіген бөлігін құрғақ жұмсақ матамен жылытыңыз, содан соң матаны жылы суға салып, бірте-бірте судың температурасын 40-45 градусқа дейін жеткізіңіз. Егер ауырсыну кетіп, сезімталдық қалпына келе бастаса, онда қолды (аяқты) құрғатып сүртіңіз, қолғап (шұлық) киіңіз және мүмкіндігінше хирургке барыңыз.
  • Үсіген дене бөліктеріне май немесе мазьдарды жағуға, қармен ысуға, ыстық суға салуға болмайды!

Төтенше жағдайлар кезінде 112 телефонына хабарласу қажет!

26.11.2018