Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

АҚ штабы ақпараты

Көктайғақ кезіндегі жүріс-тұрыс қағидасы

Көктайғақ – ол мұз немесе нығыздалып қатайған қардың жылтыраған үсті. Көктайғақ суық түсер алдында су тұрған жердің қатуы немесе көлік пен жаяу жүргіншілердің көп жүруінің салдарынан қардың нығыздалуынан пайда болады. Ол көбінесе жол бойында және тротуарларда орын алады.Статистика бойынша  қыс мезгіліндегі барлық жол-көлік оқиғаларының 40% көктайғақ және қардың жаууынан туындайды. Жүргізушілер үшін көлікпен қозғалыс кезінде қойылатын басты шарт – байқағыштық, төмен жылдамдық және өте абай болу. Жаяу жүргіншіге көктайғақ кезінде екі қауіп төнеді – тайып кету және құлау немесе машинаның астына түсу. Суық түсуінен бастап көшеде жарақат алу саны көбейеді: соғып алу, буынын шығару және сындыру. Дәрігерлердің деректері бойнша көктайғақ күндері зардап шегушілердің саны 2 есеге көбейеді.

            Құлаудың алдын алу үшін көктайғақ кезінде келесі жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау қажет:

  1. Табаны сырғанамайтын аяқ киім киіңіз, биік өкшелерден бас тартыңыз.
  2. Өзіңіздің аяғыңыздың астына қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтіңіз. Егер мұз «шалшықтарды» айналып өту мүмкін болмаса, оның үстімен шаңғышы сияқты, аз-аз сырғанап қадам басыңыз.
  3. Жол үстінде барынша сақ болыңыз: асықпаңыз, әсіресе жүгірмеңіз.
  4. Дөңес жерлерден айналып өтуге тырысыңыз.
  5. Қадамдағанда  табаныңызбен толық басыңыз, аяғыңыздың тізе тұсын босаң ұстаңыз.
  6. Қолыңыз мүмкіндігінше бос болсын, ауыр сөмкелерді ұстамауға тырысыңыз, қолыңызды қалтаға салып жүрмеңіз – бұл құлаудың ықтималдығын арттырады.
  7. Егде адамдарға қолдарында ұштарында резеңке киілген немесе арнайы ұшқыр темірі бар таяқ ұстау ұсынылады.
12.11.2018