Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Қадағалау кеңесі өтті

2018 жылдың 15-ші қазанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  Қадағалау кеңесі өтті. Онда келесі сұрақтар қарастырылды:

1.     2018 жылға арналған аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтау туралы.

2.     М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 2017-2021 жылдарға (2018 жылғы түзету) арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды үйлестіру.

3.     М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың даму 2017-2021 жж( 2019 жылғы түзету) жоспарының жобасын үйлестіру туралы.

4.     Әр түрлі

4.1. Проректорлар лауазымына үміткерлерді бекіту туралы

4.2. Ішкі аудит қызметі басшысының өкілеттік мерзімін анықтау.

4.3. Ішкі аудит қызметі маманының кандидатурасын бекіту туралы.

Еске сала кетейік, Қадағалау кеңесі біздің университетте 2 жыл бұрын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мәселелер бойынша басқару органы ретінде құрылған болатын. Оның құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, аймақтық атқарушы органның, қаржы секторының, білім беру және жеке бизнес өкілдері кірді.

16.10.2018