Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы "Қазақстан – менің алтын бесігім" акциясының ұзартылуы туралы хабарлайды

"Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасы Алғыс айту күніне арналған Шетелдегі жерлестердің хаттарын жинау бойынша "Қазақстан – менің алтын бесігім"/ "Қазақстан – менің алтын бесігім" акциясын 2018 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы хабарлайды.

Қызметкерлерді, оқытушыларды, магистранттар мен студенттерді жақындарын, туғандары мен таныстарын Отан туралы естеліктерімен хат жазуға, қазақстандық жерге және қолдау көрсеткен адамдарға алғыс білдіруге, жерлестеріне тілек білдіруге шақырамыз.

Акцияға келесі тұлғалар қатыса алады:

-  Солтүстік Қазақстанда туғандар, бірақ уақытша немесе шетелде тұрақты тұратындар;

-  шетелде туғандар, бірақ Солтүстік Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұратындар;

-  Солтүстік Қазақстанда туғандар, шетелде уақытша тұратындар және отанына оралғандар.

Акция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.

Акцияға қатысу мәселелері бойынша ҚХА кафедрасына хабарласа аласыз (114а/2), ішкі нөмір 12-55

Шетелдегі жерлестеріміздің хаттарын жинау бойынша "Қазақстан – менің алтын бесігім" акциясын өткізу туралы ереже

22.02.2018